?
Жоғары мектеп педагогтерінің эмоционалды интеллект пен стреске төзімділігінің байланыс ерекшеліктері
Қазіргі қоғам тұлғаны тұрақсыздандыра отыратын, стрестік жағдайлардың пайда болу ықтималдығын өзіне көтеретін шиеленісті жағдайлардың алуан түрлілігімен сипатталады. Мұндай жағдайлар әртүрлі қызмет түрлерінің өкілдеріне тән, әртүрлі әлеуметтік институттардың кеңістігіне, соның ішінде білім беру жүйесіне және педагогтердің оның субъектілері ретіндегі қызметіне кіреді. Педагог іс-әрекетінің тиімділігі тек қана кәсіби біліммен, қабілеттілікпен, дағдымен ғана шектеліп қоймайды, сонымен қатар кәсіби маңызды сипаттармен анықталады. Жоғары мектеп педагогке оның көптеген тұлғалық қасиеттері кәсіби талаптарды жеңуге көмектеседі. Тұлғалық кәсіби маңызды қасиеттері арасында стреске төзімділік пен эмоционалды интеллект ерекше орын алады. Эмоционалды интеллектісі жоғары мамандар өздерін табысты тұлғалар ретінде бағалайды, дезадаптацияға деген тұрақтылығы жоғары болады. Мақалада жоғары мектеп педагогтерінің эмоционалды интеллект пен стреске төзімділіктің өзара байланысын зерттеу нәтижелері келтірілген. Оқытушылар тобындағы корреляциялық талдаудың нәтижелері стреске төзімділік көрсеткіштері мен эмоционалды интеллект шкалалары арасында байланыс бар екенін көрсетті, бұл стреске төзімділіктің деңгейі эмоционалды күйін білдіру және басқару қабілетіне әсер етеді. Зерттеу жоғары мектеп педагогтерінің эмоционалды интеллектісін дамыту қажеттілігін түсінуге белгілі бір үлес қосады.